Жаркентте Audi көлігі ер адамды қағып, мерт қылды

Сурет: pixabay
Audi-100 автокөлігінің дөңгелегі астына түсіп, мерт болған ер адамның 48 жастағы жергілікті тұрғын екені нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 13 маусымда таңертең Головацкий-Бусаков көшелерінің қиылысында орын алған.

"Жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Шетел көлігін 21 жастағы жігіт тізгіндеген", делінеді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.

Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады. 

Айта кетсек, бүгін БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, бір адам қаза тапқаны хабарланған. 

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады