Бас прокуратура Зүлфия Сүлейменованың әкесінің соттылығы бар-жоғын тексеретін болады

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс дәлізінде журналистерге жауап беру кезінде Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың әкесінің соттылығы бар-жоғы туралы ақпарат Абай облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс аясында тексерілетінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ. 

"Өйткені бізге бұл мәселе бойынша ешкім ресми түрде хабарласқан жоқ. Сондай-ақ өздеріңіз секілді менің де кеше дереккөздердің біріндегі осындай ақпаратты көзім шалды. Біз оның дұрыс-бұрыстығын тексерген жоқпыз, бірақ менің ойымша, тергеу аясында барлық нұсқалар пысықталатын болады. Сол кезде жаңа айтылған фактілерге де баға беріледі". Жандос Өмірәлиев

Оның айтуынша, заң бойынша жақын туыстары сотталған адамға министр болуға мүмкіндік берілген. 

"Заңмен тыйым салынбаған. Тағайындалған адамға, тек өз басына осындай талаптар қойылады (соттылығы жоқ екендігі туралы - шамамен ред.)". Жандос Өмірәлиев


Абай облысындағы қайғылы оқиғадан кейін министр Зүлфия Сүлейменоваға сын тағылды. Оған қоса әлеуметтік желіде Экология министрінің әкесінің бұрын сотталғандығы туралы ақпарат жария болды.

Абай облысында өрт кезінде "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты. Бас прокуратура қылмыстық іс аясында Зүлфия Сүлейменовадан жауап алынатынын мәлімдеді.

ҚР Бас прокуратурасы
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды