Парламент өзгерістер мен түзетулер енгізілген "Прокуратура туралы" заң жобасын қабылдады

20 маусымда Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында "Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасын прокуратура жүйесінде активтерді қайтаруға бағытталған жаңа уәкілетті органның құрылуымен байланысты заңнамаға түзетулер енгізген депутаттар ұсынып отыр. Заң жобасының басты масқаты - активтерді іздестіруге және қайтаруға қабілетті тетіктерді құру мәселесін шешу. 

"Бұл маңызды жауапкершілік Бас прокуратураның мойнына жүктеледі. Ол үшін арнайы ведомство құру ұсынылып отыр. Бұл функцияны құқық қорғау жүйесінде орныққан кәсіби институтретінде прокуратура органына тапсыру ақылды қонымды деп санаймыз". Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева

Депутаттың айтуынша, "Прокуратура туралы" Конституциялық заңда прокуратура органдарына ерекше өкілеттіктер беретін нормаларды бекіту прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін толық пайдалануға және заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

4 маусымда Мәжіліс депутаттары заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы заңды қабылдады. Одан соң құжат Сенаттың қарауына қайта жолданды.

"Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасына депутаттар бастамашылық етті.

Құжатты қабылдаудағы мақсат заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару және (немесе) оларды Қазақстандағы экономикалық айналымға заңды түрде тарту, оларды заңсыз алуға және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады.


Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: