Қостанайда жас жігіттен ақша бопсалаған топ адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қостанайда ақша бопсалаған үш жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция олардың 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты елеусіз сылтауды пайдалана отырып, одан 6 млн теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткенін хабарлайды. Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстаған, содан кейін оны қала сыртына алып шығып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірді.

"Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемдене алды, дегенмен жәбірленушіге қатысты жеңіл пайда табу әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ және олар одан ақша талап етуді жалғастырды. Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды".Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамақта. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі