Қостанай қалалық соты облыстың төтенше жағдайлар департаментіндегі парақорлық ісін қарастырып жатыр. Сотталушылар арасында ең жоғары лауазымды тұлға - азаматтық қорғаныс подполковнигі. Тұтқындау кезінде ол ТЖД кадрлар басқармасына басшы болған. Подполковник алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол параға өрт сөндіру қызметіндегілерді қызмет бойынша орнын ауыстыруға, аттестаттан өтуге, сыныптық біліктілік тағайындауға жәрдемдескен, деп хабарлайды kstnews.kz.
Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің басшысы пара берді деп айыпталады. Қалғандарының барлығында пара беру әрекеті, делдалдық фактілері кездеседі. Науырзым ауданы Қараменді ауылы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Е.Ш. мен Құсмұрын ауылы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Д.Е-ге делдалдық жасады деген айып тағылуда. Тергеу солар арқылы әртүрлі аудандардың (Ұзынкөл, Әулиекөл, Наурызым) көптеген қызметкерлері, шартты түрде, подполковникке шығып отырған деп мәлімдейді. Шартты түрде деуімізге, өйткені пара алу кезінде оның мүлде төбе көрсетпеуі түрткі.
Осындай "өтініш иелерінің" бірі - Науырзым ауданы Қараменді ауылының өрт сөндіру бөліміне қызмет бабымен ауысқысы келген өрт сөндіруші. Тағы бірін Жітіқарада жұмыс істегісі келмей, туған жұрты - Арқалыққа оралуды армандаған. Біріншісі 30 мың теңге, екіншісі 300 мың теңге "төлеген". Сомадағы айырмашылық подполковникке кім арқылы шығуына байланысты екендігімен түсіндіріледі: Қараменді ӨСБ бастығының орынбасары әлде Құсмұрын ӨСБ бастығы арқылы ма?
Өртке қарсы қызметтің тағы екі сержанты қайта аттестаттаудан өте алатын-алмайтындығына күмәнданған. Тергеудің мәліметінше, подполковник өтініш қылғандарға нақтысында көмектеспеген, сөйтіп оларды алдап келген, өйткені бұл мәселелер бойынша комиссия нақты шешім қабылдайды. Ал басқа қызметке ауыстыру мәселесі, әдетте, департамент басшылығының құзыретіне жатады. Бастапқыда делдалдар қызмет "ақысын" подполковниктің банктік картасына, ал кейін кісі қатары көбейген соң күйеуінің заңсыз әрекетінен еш хабары жоқ-мыс әйелінің картасына аударылып отырған.
Делдалдар делінгендер кейбір жағдайларда бастығына соманың көп бөлігін ғана бере отырып, параның бір бөлігін өздеріне қалдырып отырған.
Барлық сотталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан іс жүргізу кезінде келісімге келу процедурасын жасау мүмкін болмады. Подполковник те өзін кінәлі деп санамайды.