Абзал Құспанның "Алаш заңгерлері" кітабы қалың оқырманға жол тартты

Ұлттық академиялық кітапханада белгілі заңгер, Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның "Алаш заңгерлері" атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кітапта ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері жайында мағлұмат берелген. Олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлестері баяндалған.


Сурет: Айболат Оспанов


ХХ ғасыр қазақ халқы үшін қасіретті ғасырлардың бірі. Кеңестік дәуірден қалыптасқан қағидада қауіпсіздік органдарының атасы деп Ф. Дзержинскийді атайды. Тың тақырыпқа тұңғыш қалам тербеген туынды авторы  қазақтан да құқық, заң ілімінің қалыптасуына, дамуына үлес қосқан талай тұлғалардың болғанын тарихи деректермен дәлелдейді. 

Жиында Абзал Құспан "Алаш заңгерлері" дегенде былайша түсінік береді:

"Бұл Алашордаға, Алаш арыстарына  ғана қатысты дүние емес. Алаш – қазақтың ұраны. Алаш десек – қазақ, қазақ десек – Алаш деп түсінуіміз керек. Екеуі бір ұғым. Бұл – бір.  Бізде қалыптасып қалған бір дүние бар: «КСРО-ға қызмет еткен коммунистердің бәрі оңбаған, алашордалықтар мықты», – дейді. Коммунистік идеяға сеніп, сол идеологияға қызмет еткендер  де сталин­дік репрессия құрбаны болған жоқ па? Олардың ішінде де қазаққа жаны ашыған, Алаш идеясына адалдық танытқан тұлғалар аз болмаған. Сондықтан тек алаш ордалықтар ғана атылған жоқ, қып-қызыл коммунистер де атылып кетті. Олардың арасында қуғын көріп, сотталып келгендері де бар. Бұл кітапқа комму­нистер де, ешқандай партияға қызмет етпеген тұлғалар да енген", – дейді.


Сурет: Айболат Оспанов


Сурет: Айболат Оспанов


Бұл кітап заң саласында қызмет ететін мамандарға және ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясы тақырыбына қызығатын қалың оқырманға арналған.

Таныстырылымға елімізге танымал заңгерлер, зиялы қауым өкілдері, сала мамандары, оқырмандар қатысты.


Сурет: Айболат Оспанов


Сурет: Айболат Оспанов


Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: