Қызылорда облысында ер азаматтардан ақша бопсалаған бір топ әйел ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында жалған аккаунт арқылы желіде ер азаматтармен танысып, олардан кейін ақша бопсалаған бір топ әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға біренеше ер азамат арызданып, сәуір айынан бастап белгісіз әйелдер өздерімен алмасқан жеке сипаттағы суреттері мен хаттары үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желіде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған.

"Бопсалаушылардан барлығы 8 тұлға жапа шеккен. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді. ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды