Алматылық жүргізушілерден 73 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алынды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда тәртіп сақшылары 73 млн теңгеден астам қарызы бар 244 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл деректер қалада жүргізіліп жатқан "Борышкер" іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылды.

"Алматы жолдарында ЖААІШ басталғалы бері 244 көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Олардың иелерінің сот қаулысы және сот орындаушылары бойынша берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы 73 млн теңгеден астам төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар. Мәселен, қалада Ресей Федерациясында тіркелген Toyota Camry автокөлігі ұсталды, оның жүргізушісі 4 млн 574 мың 700 теңге сомасында 132 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған", – деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 133 жүргізуші, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші және жалған нөмір таққан 13 жүргізуші ұсталды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты