Атырау облысында 38 жастағы ер адам әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сурет: pexels
Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында, деп хабарлайды Astana.tv.


"Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес, яғни адамға қасақана дене жарақатын салу нәтижесінде адам өліміне әкеліп соққан қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр". Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді