Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қос жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды.
"Lada granta автокөлігін тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі, 596-бабы 5-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 612-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылды", делінген полиция хабарламасында.
Ал Chevrolet көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік кодекстің 595-бабы, 599-бабы 1-бөлігі, 606- бабы бойынша жауапқа тартылды.
Айта кетсек, желідегі видеода екі жігіт капот үстіне 100 мың теңгеден қойып, жарысуға бәстеседі. Кім бірінші келсе, сол ақшаға ие болмақ. Одан кейін олар қала ішіндегі көшемен жүйіткіп, өзге көліктерге қауіп төндіреді. Тіпті, бірі "камераға түсіп қалдым" деп өкініш білдіреді.