Динара Зәкиева студенттің мүгедектігі бар балаларды қорлауы ісіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Facebook/Dinara Zakiyeva
Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау ісіне қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Іс бүгінде соңғы сатысында. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек", деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тағы парақшасында. 

Айта кетсек, Астанада 22 жастағы студент хоспистегі егде жастағы науқастар мен оңалту орталығындағы аутизмі бар балаларды азаптады деген күдікке ілінген. Студентке қатысты тергеу осымен сегізінші айға созылуда. Жас жігіт ауыр науқастар мен балаларды мазақ етіп қана қоймай, бәрін камераға түсірген көрінеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды