Ақтауда футбол алаңында зейнеткер әйел басқа біреудің баласын ұрып-соққан

Сурет: Zakon.kz
14 шілдеде футбол алаңында әйел адам өзгенің баласына қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлер видео астына тепкен добы баласына тиген үшін өзге баланы 64 жастағы әйелдің "тәртіптегенін" жазады.  

Полиция бұл оқиғаға қатысты  түсініктеме берді.


"15 шілдеде сағат 19:30 шамасында облыстық балалар ауруханасына зардап шеккен бала көмекке жүгінген. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, аталған факт расталды. 14 шілдеде 17 ықшам ауданда №54 үйдің жанында орналасқан футбол алаңында әйел адам басқа біреудің баласын ұрып-соққан. Осы факт бойынша 64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады". Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін