Жетісу облысында 50-ге жуық қоқыс полигоны заңсыз жұмыс істеген

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жетісу облысының прокуратурасы облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтінін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Алайда оның ішінде тек Достық округындағы "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар. 

Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды.


"Аталған барлық бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазір актілерді қарау нәтижесі бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды