АИТВ жұқтыру дерегі: Бас прокуратура 549 медициналық мекемеге тексеру жүргізбек

Сурет: gov.kz
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Аталған қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша тергеліп жатыр.

"Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді". ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметі

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда.

Бұл мәселе Бас прокурордың ерекше бақылауында.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды