Ақтөбеде шіркеудегі қайырымдылық жәшігіндегі ақшаны ұрлаған адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбелік полицейлер бір тәулік ішінде шіркеудегі қайырымдылық жәшігінің ұрлығына қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 3 тамызда сағат 15:00 шамасында Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар үй-жайға кіріп, қайырымдылық мақсатында ақша салуға арналған жәшікті бұзып, 20 мың теңгені үптеп кеткені хабарланған.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, аумақты тексеріп, куәгерлерден жауап алды.

Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.


"ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде".

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді