Алматыда сегіз жыл бұрын ұрланған қару табылып, иесінің басы дауға қалды - видео
Сурет: pixabay
Арнайы жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қару сақтайтын сейфтердің бірін тексеру кезінде тіркелген аңшылық мылтықтардан бөлек, тегіс ұңғылы аңшылық мылтығынан жасалған тіркелмеген мылтық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қару иесінің айтуынша, ол мылтықты биыл көктемде Іле өзені маңындағы аумақта аңшылық кезінде тауып алып, үйіне әкеліп, полицияға хабарламай және қаруды өз еркімен тапсырмай, сейфте сақтаған.
"Полицияның ақпараттық базалары бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған қарудың 2018 жылдан бері іздеуде тұрғаны және бұған дейін тіркелген қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылғаны белгілі болды. Қару тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция табылған қаруды өзіңізде сақтауға немесе алып жүруге болмайтынын, мұндай жағдайда дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript