Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Контрафактілік өнім, Алматы, монтаждау, желім, зияткерлік меншік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2026 15:04 Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполиция бөлімшесімен бірлесіп халықаралық құқық иеленушіге тиесілі бөтен тауар белгісін және айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан халықаралық құқық иеленушінің тауар белгісімен айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгі заңсыз таңбаланған 52 000 мыңнан астам өнімнің монтаждау желімі тәркіленді.

Тәркіленген өнімнің жалпы құны 5 млн теңгеден асады.

"Тексеру нәтижесі бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар толтырды. Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады", делінген ведомство хабарламасында.

Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілеріне құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Бұған дейін Жамбыл облысында жетім студенттер өздеріне тиесілі төлемдер, киім-кешек пен жолдамаларды алмай келгені анықталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: