Оңтүстік астанада есірткі сататын сайттың QR-кодын қабырғаларға желімдеген жұмыссыз ұсталды
Сурет: pixabay
Алматы қаласы, Түрксіб ауданында учаскелік полиция инспекторы көшеден QR-кодтары бар жапсырмаларды анықтады. Тексеру нәтижесінде олардың есірткі таратылатын интернет-ресурсқа апаратыны және есірткі сайттарының жарнамасы екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізілген жедел-іздестіру және тексеру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
"Ол – Талғар ауданының 25 жастағы жұмыссыз тұрғыны. Ер адамның есірткіге тәуелділікте тұрғаны анықталды. Ұстау кезінде одан әрі таратуға дайындап қойған QR-кодтары бар ондаған баспа жапсырмасы тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға шақырады. Егер есірткі ресурстарының жарнамасы бар осындай жапсырмаларды байқасаңыз, мүмкіндігінше өзіңіз алып тастаңыз немесе дереу 102 нөміріне хабарлаңыз.
Бұған дейін Алматыда сегіз жыл бұрын ұрланған қару табылып, иесінің басы дауға қалғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript