"Педофильдің үйі қазір маскүнемдердің ордасына айналған. Бірнеше күн бұрын көршілерім маған қоңырау шалып, онда жарық жанып тұрғанын жеткізді. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ ешкім болмаған. Бұл үй қазірдің өзінде маскүнемдердің иектейтін жеріне айналған. Біз Үкіметтен бұл үйді толығымен сүріп, ал жер телімін өз балансына алуды сұраймыз. Халыққа пайда әкелетін орын болсын. Бұл үйді міндетті түрде қирату керек, маған оның үйін бұзамыз деп те уәде берген. Үй өте ескі, онда өмір сүру мүмкін емес. Алқаштардың жын-ойнағы десе де болады", деп otyrar.kz марқұм сарыағаштық қыздың әкесі Нұржан Ережеповтің сөзін келтіреді.
Айта кетсек, Жібек жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс бойынша сотталған күдіктіге қатысты күні кеше сот үкімі шықты. Ол өмір бойына сотталып, химиялық кастрация жасауға және 100 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.