Жыл басынан бері қоғамдық орында түкіргені үшін 1200 елордалық айыппұл арқалаған

2023 жылдың басынан бүгінге дейін қоғамдық орында түкіргені үшін 1 200 елордалық 19 млн теңге көлемінде айыппұл арқалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"19 млн теңгенің тек бес миллионы ғана өндірілген. "Қалғаны қарызын өтеуге әзір асығар емес", - дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындар мен көшелерде түкіргендерді бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. Заң бұзушылықтың басым бөлігі базар маңында тіркелген", деп  КТК телеарнасы Астана қалалық полиция басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айта кетсек, бір жыл бұрын қабылданған заң бойынша, қазақстандықтарға көпшілік орындарда түкіріп, қоқыс тастауға тыйым салынған. Ол үшін 16 мың теңге айналасында айыппұл белгіленген. Алғашқылардың бірі болып заңнан аттаған мәжілісмен Ерлан Сайыров болатын. Ол тікелей эфирде сұхбат беріп тұрып түкіргені үшін айыппұл арқалаған еді. 

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: