Астана қаласы мен Ақмола облысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен екі азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жалдамалы пәтерінен каннабис шайыры және марихуана есірткі заттарының үлкен партиясы табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 2,5 келіден асады. Сонымен қатар, ол жерден стандартты құрылғылар да тәркіленді: электронды таразылар, скотч, изоленталар, полиэтилен пакеттер, маркерлер.

"Аталған факті бойынша сараптамалар, оның ішінде сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі құралдарын сату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар 30 және 22 жастағы ер адамдар Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Елорда аумағында есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатқаны нақтыланады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды