ҰҚШҰ-ға мүше елдердің территорияларынан 2,5 тонна есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының халықаралық есірткіге қарсы "Канал-Перехват" операциясы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы операция нәтижесінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында 900-ден астам есірткі қылмысы анықталды, 2,5 тонна есірткі тәркіленді, оның ішінде 19,5 келі героин, 856 келі апиын, 560 келі гашиш, 240 келі марихуана және 248 келі "синтетика" бар. 2800-ге жуық оқ-дәрі мен 48 қару табылып, тәркіленді. Бес есірткі зертханасы таратылды. 561 адам жауапкершілікке тартылды.

"Қазақстан аумағында операцияға Ұлттық ұланның тікұшақ техникасы, пилотсыз ұшу аппараттары және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік жұмылдырылды. Есірткіні тасымалдау жолдары мен арналарын жабу үшін бірлескен мобильді топтар құрылды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ құзырлы ведомство атап өткендей, Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдарымен 94 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 17-сі контрабанда бойынша. Заңсыз айналымнан 455 кг түрлі есірткі, оның ішінде 53 грамм героин, 173 кг марихуана, 2,2 кг гашиш, 18 кг синтетика тәркіленді. Үш есірткі зертханасы жойылды. 147 адам жауапкершілікке тартылды. 

Қазақстан
ҰҚСК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды