Бас прокуратура: Самат Әбіш Қазақстанда жүр

Сурет: gov.kz
Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Қазақстанда жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

"Самат Әбіш бүгінгі таңда Қазақстанда, оған ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат табысталған. Оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Дархан Дүйсембай. 

Айта кетсек, 19 қыркүйекте Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын. 

Қазақстан
Әбіш Самат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды