Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды

Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 18:21 Сурет: ҚР ҰҚК
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды". ҚР Бас прокуратурасы

Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: