Самат Әбішке қатысты іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілді
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚазАқпарат ХАА хабарлауынша, Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды", - делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.
Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.
"Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деп аталып өткен хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 19 қыркүйекте Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript