"Алматы – Петропавл" пойызында мас жолаушысы "стоп кранды" жұлып алған

Сурет: Zakon.kz
"Алматы – Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызының мас халдегі 34 жастағы жолаушысы "стоп кранды" басып, оны жұлып алған. Құқықбұзушы пойыздан түсіріліп, оған 34 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, мәжбүрлі түрде тоқтаған пойыз жоспардан тыс 16 минут аялдаған. 

Ол Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жоғарыда аталған азамат масаң күйде болып, "стоп кранды" жарамсыз етіп жұлып алғанын анықтады.

"Құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсіріліп, оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды". Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, "стоп кран" тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады, яғни вагонда жолаушылардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулық пайда болған кезде, пойыз көпірде немесе көпірдің астында және жолаушыларды эвакуациялауға жол берілмейтін басқа да жерлерде тұрып қалған жағдайды есептемегенде, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Петропавл
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді