Қарағанды-Астана тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Жантүршігерлік жол апаты 9 қазанда сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы, Осакаров ауданынан 50 шақырым қашықтықта "Қарағанды-Астана" тас жолында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алған "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай жол жөндеп жатқан жұмысшыны қағып, содан кейін жол шетінде тұрған КАМАЗ-ға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмысшы, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің ішінде болған үш жолаушысы оқиға орынында қаза тапты. 

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.


Сурет: polisia.kz


Қарағанды
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін