Қостанайда Ресейде тіркеуде тұрған бірнеше көлікті ұрлаған адам ұсталды

Сурет: Facebook/Қостанай облысының полиция департаменті
Қостанайда полиция Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған адамды ұстады. Қостанай қаласының криминалдық полициясының қызметкерлері Тобыл қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады., деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір айдың ішінде полицияға 9 автокөлік иесі ұрлық туралы арызбен жүгінді. Түнде тұрғын үйлердің аулаларында қалдырылған ВАЗ маркалы барлық көлік ресейлік есепте тұрған.

"Таңертең иелері көлікті таппай полицияға жүгінген. Барлық деректерге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сот тергеуі басталды. Қылмыс схемасы бірдей болғандықтан, полиция қызметкерлері талдау пункттерін пысықтай бастады. Рудный қаласындағы үйдің ауласынан бір көлік ұрланған, қалған 8-і облыс орталығында", - деді Қостанай қаласы ПБ бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында барлық көліктер тәркіленді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен Қостанай қаласы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды