Шымкентте еңіске ылдилаған автобус алты адамды қақты: Жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Жүргізушісі жоқ автобус қаққан алты адамның бесеуі қаза тапты. Аталған жазатайым оқиға бойынша жүргізуші сотқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі, "Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын өрескел бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне және адамның денсаулығына ауырлығы "орташа" зиян келтiру" бойынша автобус жүргізушісіне қатысты іс қаралды. 

Сот 2023 жылы 8 сәуірде сағат 17:08 шамасында Ю. алдын ала келісім бойынша №21 бағыттағы автобус жүргізушісі Ж.-мен орнын ауыстырып, жол парағынсыз жұмысқа шығып, жолаушыларды тасымалдағанын анықтады. Сондай-ақ Ю. шамамен сағат 18:25-те Бәйтереков көшесіндегі соңғы "Метро" аялдамасында барлық жолаушыны түсіріп, артқа бұрылып аялдамаға жетпей автобусты тоқтатып, сөндірген. Автобустың қол тежегішін тартпастан , автобустан түскен ол сол маңдағы дәмхананың дәретханасына кірген. Шамамен сағат 18:28-де жүргізушісіз автобус өздігінен жолдың еңіс бойымен Бәйтереков көшесінің бойымен Назарбеков көшесінің бағытына төмен қарай ылдилап, Назарбеков көшесінің қиылысындағы бағдаршамға шамамен 50 метр қалған кезде жолдың қарсы бағытына шығып, Байтереков пен Назарбеков көшесінің қиылысындағы қарсы бағыттағы бағдаршамның алдында тұрған жаяу жүргіншілер Е., О., Т., Т., Ж. және С-ны қаққан. Салдарынан жаяу жүргіншілер - Е., О. және Т. әртүрлі дене жарақаттарын алып, оқиға орнында қаза тапты. Ал, кәмелет жасына толмаған Т. мен Ж. алған әртүрлі дене жарақаттарының салдарынан облыстық балалар ауруханасына жеткізу кезінде жан тапсырды. Жәбірленуші С. әртүрлі дене жарақаттарын алып, соның салдарынан оның денсаулығына ауырлығы "орташа" дәрежедегі зиян келтiрілген.

Күдіктінің кінәсі куәлардың жауаптарымен, автобус ішінен дәлелдеме заттарды алу және оған қарап тексеру хаттамасымен, жол көлік оқиғасы түскен жазбаларды "Бахыт" тұрғын үй кешенінен және "Мадлен" дәмханасынан алу туралы хаттамаларымен, көлік құралдары сот-сараптамасының қорытындысымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен, заттарға қарап тексеру хаттамасымен (фототаблицасымен) толығымен дәлелденді.

Жәбірленушілер сотталушыға кешірім беріп, жазаны тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігінің санкциясында белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Сот сотталушы Ю.-ға жаза тағайындауда қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде өз айыбын толығымен мойындауын, шын жүректен өкініш білдіруін, бұрын сотты болмағанын, жәбірленушілердің кешірім бергендерін және асырауында жас баласы барын, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескерген. Сот Ю-ды ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, көлік жүргізу құқығынан 7 (жеті) жылға айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші С-ның  талап-арызы қанағаттандырылды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жо

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: