Түркістан облысында полицейлер Қытай азаматының жоғалған затын тауып берді

Полиция, Түркістан облысы, Қытай азаматы, жоғалған зат , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 20:08 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Түркістан облысының полицейлеріне Қытай Халық Республикасының азаматы көмек сұрап жүгінген. Ол мотоциклінің жүк салғышы жолда келе жатқан кезде белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін, оның ішінде жеке құжаттары мен бағалы заттары болғанын айтқан, деп хабарайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша Сайрам ауданының учаскелік полиция инспекторы жедел түрде іздестіру жұмыстарын жүргізді.

"Оқиғаның мән-жайы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, камера жазбаларын мұқият зерделеу барысында жүк салғыштың көше бойында түсіп қалғаны және оны жергілікті тұрғынның алып кеткені белгілі болды. Полицейлер жергілікті тұрғынның жеке басын анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жоғалған жүк салғыш толық құрамымен иесіне қайтарылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Өз кезегінде шетелдік турист жедел әрі кәсіби көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бұған дейін Маңғыстау облысында ақшаға зәру ер адам аса ауыр қылмысқа барғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: