Түркістан облысында полицейлер алматылықтың ұрланған көлігін тауып берді

Түркістан облысында полицейлер алматылықтың ұрланған көлігін тауып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 10:44 Сурет: polisia.kz
Алматыда іздеуде жүрген көлік Түркістан облысы аумағында табылды. Полицейлер арнайы бағдарлама көмегімен оның ізіне түсіп, жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының полицейлеріне Алматыда іздеуде жүрген Lixiang L9 автокөлігі бойынша бағыттама берілді. Онда өзгенің көлігін заңсыз иемденіп, мініп кеткен жүргізуші Түркістан облысында жүруі мүмкін екені көрсетілген.

Берілген бағыттама бойынша жұмыс жасаған Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері көліктің Сайрам ауданы аумағында жүріп өткенін анықтады. Кезекші полицей бірден сайрамдық тәртіп сақшыларына хабар берді.

Полицейлер "Қорғау" бағдарламасы арқылы көліктің бағытымен жүріп, жедел-іздестіру жұмыстарын атқарды. Шұғыл түрде әрекет еткен полицейлер, аталған автокөліктің жүрген жерін анықтап, тоқтатты. Автокөлік полицияға жеткізіліп, қарап тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысы бар көлік, Жетісу АПБ-ға табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: