АМӨЗ-дің экс-басшысы Шухрат Данбайға қатысты шыққан ақтау үкімі өз күшін жойды

Сурет: Атырау МӨЗ-дің баспасөз қызметі
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау МӨЗ-дің бұрынғы басшысы Шухрат Данбайға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, өз шағымында Бас прокурор сот қорытындыларының істің нақты мән-жайларына сай келмеуіне және қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты сот актілерінің күші жойылатынын атап өтті.

"Сот жабдықтың орнатылғанын және ақшалай қаражаттың Ш. Данбайдың лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін консорциумға төленгенін, сома консорциумның шағым сомасы төмендеген кезде ескерілгенін, осыған байланысты залал келтірілмегенін есепке ала отырып, ақтау үкімін шығарғанын алға тартады.  Алайда, аталған мән-жайлар нақтысында расталмады", - делінген ҚР Жоғары сотттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында.

19 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға және сол кәсіпорынның сатып алу департаментінің директорына қатысты Атырау қаласының №2 сотының үкіміне апелляциялық шағымды қарады. Ол кезде ақтау үкімі өз күшінде қалған болатын.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау МӨЗ-ге басшылық етті. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген қылмыстық іс бойынша 2022 жылы ұсталды. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды