Талдықорғанда полицейлер заманауи технология көмегімен жоғалған алтын білезікті тапты

Алтын білезік, Талдықорған, ұрлық, полицейлер, заманауи технология, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 17:47 Сурет: polisia.kz
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері заманауи бейнеталдау технологияларының көмегімен жергілікті тұрғынның жоғалған алтын білезігін тауып, заңды иесіне қайтарды. Қала тұрғыны алтын әшекейінің жоғалғанын байқап, полицияға көмек сұрап жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген іс-шаралар барысында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері заманауи бейнеталдау технологиялары мен бет-әлпетті тану жүйесін қолданды. Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, бейнежазбаларды мұқият зерделеу және полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде жоғалған алтын білезіктің орналасқан жері анықталды.

Тергеу-жедел тобы мен жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында алтын білезік табылып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде тұрғын полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, кәсіби көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жүйенің көмегімен 85 тексеру жүргізіліп, қылмыс жасауға қатысы бар 22 адам анықталды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 12 тұлға белгілі болды. Бұдан бөлек, заманауи технологиялар азаматтардың жоғалған мүлкін іздестіруде де тиімді қолданылуда.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттырып, қылмыстарды ашуға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және тұрғындарға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды тиімді пайдалану – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: