Сот Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілін заңсыз деп таныды

2023 жылғы 23 қазанда Маңғыстау ауданының "Қаратұрын Восточный" кен орнының жұмыскерлері жұмысын толығымен тоқтатып, ереуілге шықты. Алайда сот наразылық науқанын заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау аудандық сотына талап қоюшы Caspian Drilling LLP ЖШС-і қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қойып, жүгінген.

Қызметкерлер ауызша бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа қалпына келтіру, "ПротекторТранс" ЖШС-нің қызметкерлерді "АТМГГ" АҚ-на ауыстыру, бұл мекеменің қызметкерлері жалақыны 50% көбейтуді, сыйлықақыларды төлеу, "Мұнайшы күніне" 100% сыйақы төлеу, директордың орынбасары мен бөлім бастығыны қызметінен босату талаптарын қойған.

"Талап қоюшы арызында ереуіл Еңбек кодексінің нормаларын бұза отырып өткізілгенін, себебі қызметкерлер талаптарының жазбаша хабарламасының табысталмағанын, ереуілдің басталуы және оның ұзақтығы туралы, ереуілді өткізу жөніндегі жұмысшылар конференциясы өткізілмегенін, ереуіл комитеті құрылмағанын, ереуіл қауіпті өндірістік объектісінде өткізіліп, жұмыскерлермен механизмдердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілмегенін, ереуілдің Еңбек кодексінде көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланғанын көрсеткен", – дейді соттың баспасөз қызметі.

Маңғыстау аудандық сотының сот шешімімен жұмыскерлердің ереуілі заңсыз деп танылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

2023 жылғы 10 сәуірде Жаңаөзеннен "Өзенмұнайгаз" ұжымына жұмысқа орналасу талабымен келген 60-70-ке жуық адам Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына жиналды. Оларды полиция ұстап әкетті.

2023 жылғы 11 сәуірде Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылардың өкілдері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппарат басшысы Ерхан Омаровпен келіссөз жүргізуге шақырылды. Жиында олар жаңаөзендіктерді басқа да жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөнінде келісті. Кейін Астанада ұсталған мұнайшылар пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілді.

 "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2023 жылғы 13 маусым күні ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа тұратынын хабарлады.

Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: