Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМГ: Ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа тұрады

Жаңаөзен, мұнайшылар, "ҚазМұнайГаз" ҰҚАҚ, "МөлдірМұнай Сервис" ЖШС, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 15:32 Сурет: Zakon.kz
"БерАли Мангистау Company" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа тұрғызу туралы келісім жасалды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚМГ мен "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның арнайы жұмыс тобының "БерАли Мангистау Company" ЖШС-нің бұрынғы жұмыскерлерімен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде оларды "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚМГ "БерАли Мангистау Company" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-не ауысқаннан кейін бұрынғы еңбек жағдайлары сақталады деп сендірді.

"Сонымен қатар жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ережелері аясында қатаң түрде әске асырылады."Өзенмұнайгаз" АҚ барлық мәселелердің қолданыстағы заңнама аясында шешілуін қолдайды және ынталандырады". "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі

2023 жылғы 10 сәуірде  Жаңаөзеннен "Өзенмұнайгаз" ұжымына жұмысқа орналасу талабымен келген 60-70-ке жуық адам Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына жиналды. Оларды полиция ұстап әкетті.

2023 жылғы 11 сәуірде Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылардың өкілдері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппарат басшысы Ерхан Омаровпен келіссөз жүргізуге шақырылды. Жиында олар жаңаөзендіктерді басқа да жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөнінде келісті. Кейін Астанада ұсталған мұнайшылар пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілді.

Сәуірдің 27-сі күні "ҚазМұнайГаз" компаниясының арнайы жұмыс тобы "Өзенмұнайгаз" бен оның Жаңаөзендегі мердігерлерінен ондаған заң бұзушылықты анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: