"Өзенмұнайгаз" бен "БерАли Мангистау" ЖШС-дағы ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Жаңаөзен қаласы тұрғындарының "ҚазМұнайГаз" АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша түскен көптеген өтініштің негізінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеу жүргізіп жатыр.
"Атап айтқанда, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде". Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті
Бұдан басқа, "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғалары мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС басшылығына қатысты 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.
"БерАли Мангистау Company" ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы шарттар жасағаны анықталды. Іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып жымқырылған. Аталған іс-қимылдармен "БерАли Мангистау Company" ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтіргенін атап өтеміз", делінген хабарламада.
Қолма-қол ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге бағытталуына жұмсалуына болатын еді.
"Бұл жағдайлар компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырды. Тергеу барысында аталған фактілер тексерілуде. ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды".Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті