Сотталғандарды азаптау: желідегі видео ҚАЖД мен өңір прокуратурасының назарына ілікті

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 2023 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысындағы түрмелердің бірінде сотталғандарды азаптауды сипаттайтын видео тарады. Бұл видео Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен өңір прокуратурасының назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіровтың айтуынша, №31 мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың заңсыз әрекеттері туралы факт бұрын болған.

"Қызметтік тексеру жүргізіліп, қызметкерлер жауапқа тартылды. Жаңсақ ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында құқық қорғау ұйымдары өкілдері аталған мекемеде болды. Сонымен қатар, ҚАЖД басшылығы сол сапардың қорытындысы бойынша сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді", – деді ол.

Бекболат Шәкіров қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақты және барлығы ҚАЖД басшылығының бақылауында екенін айтып, сендіреді.

Облыстық прокуратура бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

"2023 жылдың 8 қарашасында әлеуметтік желіде Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ның №31 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарды азаптағанын сипаттайтын видео жарияланды. Қарағанды облысының мекемелерінде қылмыстық жазаның орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-ның 146-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады ("Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптау"). Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", делінген хабарламада.

Қадағалау органы қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауында екенін атап өтті.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды