Ұрлық, тонау, алаяқтық: Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, ол бірнеше рет сотты болған 31 жастағы ер адам.

"Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген адамнан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін қашып кетіп отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар ер адамға Қызылорда облысында ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланған", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ күдіктінің ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) және 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Қазақстанның 3 мегаполисі мен 5 облысында жасалған 22 қылмысқа қатысы бары анықталды.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның басқа осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы тексеріледі", делінген хабарламада.
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді