Петропавлда жүйкесі жұқарған студент ЖОО қызметкерін түтіп жей жаздады

Сурет: free svg
21 қарашада сағат 14: 20-да Петропавл қаласы полиция басқармасының шұғыл байланыс желісіне жоғары оқу орындарының бірінде студент айқай-шу шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт қалалық ПБ-ның ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаның видеосы желіде тарады.

Куәгерлер студент киім шешетін орынға кіріп, курткасын іліп, нөмірді алған. Арнайы орындағы әйел оның артынан барып, бұлай жасауға болмайтынын түсіндіруге тырысқанда ол оған айқайлап берген. 

"Маған бәрібір. Менің кезекте тұрғым келмейді. Мен сабағымнан кешігіп барамын", - дейді студент айқайлап.


Осыдан кейін әйел адам: "Қойшы, мені жайыма қалдыр", деп аудиториядан шығып кетеді. Ал жас жігіт оның ізінен қуа шығып, жұлқына жер тепкілеп тағы айқайлайды. 

Оқиға орнына келген полицейлер 18 жастағы азаматтың оқу орыны қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтқанын анықтады.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік материал жиналды. Материал жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды". Петропавл қаласының полиция басқармасы


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті