Қарағанды облысында араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қарағанды облысында таза қанды, араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Келтірілген шығын көлемі - 1 миллион 500 мың теңге.

"Полиция аталған іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды