Алматы облысында полицейлер көшеде тоқтатып, тексерген ер адамнан қару табылды

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талғар ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, арнайы іс-шара өткізу кезінде құжаттарды тексеру үшін 19 жастағы жігітті тоқтатқан. Тексеру кезінде ер адамнан тегіс ұңғылы шолақ қару табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиға Талғар ауданы аумағында 27 қарашада сағат 16:30 шамасында болғаны нақтыланады.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімінде (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді", – дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Сондай-ақ полиция сыртқы белгілері бойынша ұсталған адам деструктивті діни ағым өкілі екенін айтады. 


"Қазіргі уақытта фактінің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп Бауыржан Әленов өз сөзін түйіндеді. 
Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: