ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары кәсіпкерден өз қаражатына темір жол төсемін салуды талап еткен

Сурет: rail-news.kz
Павлодарда көлік прокуратурасының қызметкерлері 7 ай бойы заңды жауап ала алмаған отандық инвестордың құқығын қорғап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкер Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 млрд теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған.

"Кәсіпкерге жобаларды одан әрі толыққанды дамыту үшін  кірме жол қажет болды. Алайда "ҚТЖ" ҰК" АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвесторға оның құрылысына рұқсатты келісуден бас тартқан, ал 2023 жылдың қазанында шағын бизнеске өз қаражаты есебінен ұлттық тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген", делінген 2023 жылы 1 желтоқсандағы хабарламада.

Бас көлік прокуратурасы осыдан бұрын "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұқсас жағдайда осы өңірдегі 3 кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттардың қажеттілігі жоқ екенін түсіндіргенін, барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойғанын нақтылайды.  

Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның "ойдан шығарылған" әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды.  

"Прокуратура актісі бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма басшылығымен техникалық шарттарды алу кезінде қосарланған стандарттарға жол берген лауазымды тұлғалардың кінәлілік дәрежесі және жауапкершілік түрі қарастырылуда". Бас көлік прокуратурасы

Ресми хабарламада магистральдық желі операторының мұндай заңсыз әрекеттері құрылыс материалдарының құнын арттыруға ықпал ететіні де атап көрсетіледі. 


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме