Талғардағы агрессивті ұстаз: Облыстық ПД мен прокуратура желідегі видеоны назарға алды

Талғар қаласындағы жекеменшік мектептен дау шықты. Оқушылардың ата-аналары балаларына күш қолданып, жер жебіріне жететін агрессивті ұстазға ашулы. Ата-аналар шағымын Алматы облысының полиция департаменті мен прокуратурасы өз назарларына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекеменшік мектепте түсірілген видео бүгін, 2023 жылы 7 желтоқсанда Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

"Талғар қаласында жекеменшік мектептің үстінен шағымданған ата-аналардың арызы пайда болды. Олар оқу орнында балаларға физикалық және эмоционалды тұрғыда зорлық-зомбылық көрсетілетінін айтады. Балалар өздеріне күш қолданылатынын айтады. Атап айтқанда, педагогтарға шаштан тарту, итеріп жіберу, дауыс көтеру өалыпты жағдай" делінген видео сипаттамасында.  

Видео астына қалдырылған пікірлер арасында аталған мектептің завучы бұл оқиға қазан айында болғанын, ад видеодағы мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын айтқан.

"Алайда ата-аналар завучтың бұл сөзін жоққа шығарды. Олар Елена Владимировна әлі жұмыс істеп жүргенін, ал мектеп оның артын жауып отырғанын айтады. Қалай дегенмен де жұмыстан қуу бұл арада жеткіліксіз.Балаларды азаптаушы заң алдында жауап берсін. Оны педагогика саласына мүлде жолатпасын" делінген хабарламада.

Алматы облысы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнында болды. Қазіргі уақытта Талғар полициясы ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған. Алматы облысы полиция департаменті бастығының жеке нұсқауымен оқиғаның мән-жайын толық анықтау, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр".

Өңірлік ПД өзге ақпараттар болып жатса, алда қосымша хабарланатынын да айта кетті. ды» деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, аталған видеоға қатысты Алматы облысының прокуратурасы түсініктеме берді.

"Бұл жағдай бойынша осы фактіні іс жүргізу шешімін қабылдау үшін ақпаратты есепке алу кітабына тіркеген аудандық полиция басқармасы жұмысы прокурорлардың назарына алынған. Құқық қорғау органдары мән-жайлардың егжей-тегжейін анықтайды, мектеп әкімшілігі мен өзге де тұлғалар түсініктеме алу үшін сұрақ-жауапқа шақырылуда". Алматы облысының прокуратурасы

Сондай-ақ, Талғар ауданының прокуратурасы Алматы облысы Орта білім сапасы департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

"Барлық білім беру мекемелерінде Алматы облысы прокуратурасының QR-коды орналастырылған, оның көмегімен ай сайын азаматтардан түрлі құқық бұзушылық фактілері, атап айтқанда буллинг, бопсалау, алым-салымдар туралы 10-ға жуық хабарлама келіп түседі... Бұл дабыл белгілеріне қатысты прокурорлар дереу әрекет жасап, ақпаратты тексереді, расталған жағдайда прокурорлық қадағалау шаралары қабылданады", - деп атап өтті Алматы облысының прокуратурасы.

Айта кетсек, аталған оқиғаның Талғар қаласындағы "Космо" мектебінде болғаны белгілі болды. Мектептің білім беру лицензиясы жоқ екені де анықталды. Қазіргі уақытта аталған мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді.


Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: