Шымкентте жер қойнауын пайдаланушылар құны 1 млрд теңгеден асатын жер телімінен айырылды

Сурет: pixabay
Шымкент қаласының прокуратурасы өз келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады. Олардан кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттенеді. Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттерін адал орындамаған.  

"Осыған байланысты прокуратура қасақана бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау бойынша қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 гектар жер телімін қайтарды, делінген хабарламада.

Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн. теңге сомасында шарттарды орындады.

Сондай-ақ прокурорлар жер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісін анықтады (ешқандай құқық белгілейтін құжаттарсыз )және кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу).


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді