Астанада автобус бағанға соғылды

Сурет: Telegram/Astanovka98
19 желтоқсанда Астанада Тұран мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД мәліметтері бойынша, Ravon Nexia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі оңға бұрылар алдында  алдын ала тиісті жол бөлігіне түспегендіктен төтенше жағдай туғызып, өзге көлік жүргізушісін ығыстырып, қозғалыс бағытын өзгертуге мәжбүр еткен. Салдарынан "Голаз 5241110" (автобус) автокөлігі жол қозғалысын бақылаушы камералар орнатылған бағанға соғылған.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде", делінген хабарламада.

Ravon Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеліп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды