Талдықорғанда жоғалып кеткен 14 жасар оқушы қыз іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қаласында жоғалып кеткен 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған қаласының ПБ мәліметінше, 28 желтоқсанда полиция бөліміне мектептердің бірінің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысуда. Оның жоғалуының барлық мән-жайлары анықталуда.


"Іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған.Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынуда. Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр , сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасуда", делінген хабарламада.
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі