Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады

Сурет: pexels
29 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz сайтына Астана полиция департаментінен хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Қажет сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді полиция.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 17 қаңтарда тіркелген.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді Зәкиева.

Бұған дейін Атырау тұрғыны мүгедек баланы зорламақ болған оқиғадан кейін 17 жылын түрмеде өткізетіні хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды