Есірткі жасырушылар елордадағы тұрғын үй кешендерін жағалап жүр: Полиция не дейді

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Елордада екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары есірткі жасырушылар болуы ықтимал қос күдіктінің видеосымен желіде бөлісіп, құзырлы тараптан көмек сұрады. Қалалық полицияның баспасөз қызметі Zakon.kz-ға аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

Қазақстан азаматтарының наразылығын туғызған видео Egovpress Telegeram арнасында жарияланды.

"Әкетіп бара жатқан дәнеме жоқ, сол, елордада "Жыл мезгілдері" және "Жаз" тұрғын үй кешендерінде есірткі саудалаушылар ашықтан ашық дегенін жасып жүр" делінген бейнежазба сипаттамасында.


Полицияның баспасөз қызметі "Жыл мезгілдері" ТК тұрғындарының арызынан кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғағанын нақтылады.

"Аталған фактіге қатыстыларды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нашақорлық пен есірткіге тәуелділік мәселесіне жұрттың назарын баса аударту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратушылардың қатысы болуы мүмкін тұрғын үйлер мен подъездердің қабырғаларына жазылған белгілерді жойылуда". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, бүгіндері учаскелік полиция инспекторлары үй чаттарында ТК тұрғындары тарапынан келіп түскен шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізіп, сондай-ақ халықпен кездесулер өткізгені айтылады.  

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды