Көкшетау әкімдігінің тендер өткізу кезінде заңсыз шарт жасағаны анықталды

Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау қаласының прокуратурасының хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұзға отырып, конкурс өткізбестен бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды.

"Прокуратура актісі негізінде 13 ақпанда сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды", делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған