Ақмолалық ер адам жоқ көлікке 3 млн теңге беріп, алаяқтық құрбаны болды

Сурет: polisia.kz
23 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Оған бейтаныс адам көрші елдердің бірінен 3 млн 800 мың теңгеге автокөлік сатып алып беретінін айтқан, бірақ ол сол күйі уәдесінде тұрмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзіне бейтаныс адам хабарласып, нарықтық бағадан төмен бағамен көлікті ұсынып,  WhatsApp арқылы суретін де жіберген. 


"Қолма-қол ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен арадағы байланысты үзген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері елорданың 30 жастағы тұрғынын ұстады, ол кінәсін мойындап, арызданушының ақшалай қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын растады". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды